7 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі

7 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы +25...+30°C-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз сынап бағанасы +27...+29°C дейін көтеріледі. Ауа райы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы ықтимал.