Павлодарлықтардың танымал мультсериалдар бойынша білімі сыналады
Қала тұрғындарын квиз-ойынына шақыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 18:00-де «Jastar Vibe» жобасы аясында «Cartoon Quiz» квиз-ойыны өтеді.
– Бес адамнан тұратын топ жинап, танымал мультсериалдар бойынша қызықты квизде өз біліміңізді сынаңыз. Сізді позитивті энергияға толы кеш күтеді! – дейді ұйымдастырушылар.
Тіркелу үшін +7(705)769-43-13 нөміріне хабарласуға болады.
Кештің өтетін орны: Ломов көшесі, 38 – Жастар орталығы.