Павлодарлықты несие алуға мәжбүрлеген Ақсудың екі жігіті ұсталды
Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax маркалы ұялы телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел қызметкерлері Павлодар қаласында Ақсу қаласының 20 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады.
– Олар қала тұрғынынан 215 мың теңгені ашық түрде ұрлап кеткен. Бұдан әрі қоқан-лоққы жасау арқылы жалпы 1 миллион 640 мың теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax маркалы ұялы телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді. Тонау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазіргі уақытта олардың Павлодар облысының аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде.