Павлодар облысында осы апта жауын-шашынсыз болады

Павлодар облысында осы апта жауын-шашынсыз болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде -30 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 15 қаңтарда облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады. 

16 қаңтарда түнде -25...-30 °С, ал күндіз -21...-26°С суық болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 7-12 метрге дейін жетеді. 

17 қаңтарда таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы  түнде -25...-30 °С, ал күндіз -15...-20°С-ты көрсетеді. 

18 қаңтарда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -22...-27°С, ал күндіз -12...-17°С болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 7-12 метрге дейін соғады. 

Сенбіде түнде -21...-26°С аяз болса, күндіз ауа температурасы -11...-16°С-қа дейін жылынады. 

Жексенбіде жауын-шашын түспейді деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -13...-18°С, ал күндіз -10...-15°С-ты көрсетеді.