Павлодарлық акробаттар Қазақстан кубогында бірінші командалық орынды иеленді

Петропавлда спорттық акробатикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарлық № 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 80 тәрбиеленушісі жарыстарға қатысып, төрт жас санаты бойынша командалық есепте тұғырдың ең жоғары сатысында орнықты. Жеке біріншілікте тұғырға 47 спортшы көтерілді.
12-18 жас санатындағы спортшылар тек жүлделі орындарға ие болды.