Павлодарлық «Атамекен» цирк директорына көмектесті

Павлодарлық «Атамекен» цирк директорына көмектесті
Фото: pixabay.com / Leonhard_Niederwimmer

Кәсіпкерге цирк орнату үшін жер берілмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Цирк қою үшін Гагарин атындағы саябақ аумағынан жер сұраған «Ringo Star» шапито циркінің директоры, ЖК иесі Р.Ф. Фахрануров сәуір-мамыр айларында «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы орган өтінішті қараудан негізсіз бас тартқан.

– Өз өтінішінде ЖК Фахрануров саябақ маңында уақытша цирк орнату үшін жер сұрағанын, алайда келісім берілмегенін айтты, – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Гүлнар Бассуова.

Палата өкілдері мәселені жедел назарға алып, әкімдікпен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде, шенеуніктер өз ұстанымын қайта қарап, кәсіпкерге қажетті жер телімін бөлуге келіскен.

«Атамекен» Павлодар ӨКП директоры Ерқанат Әбенов бұл жағдайда бизнеске негізсіз тосқауыл қойылғанын, палата мамандары жедел араласу нәтижесінде цирк орнатуға арналған жер телімін бөлуге қол жеткізгенін және кәсіпкердің құқығы толық қорғалғанын атап өтті.