Павлодарлық атақты фотограф қайтыс болды
Ол 92 жаста еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Орион» фотоклубының ең көне қатысушысы Борис Краснянский «Тёмный фонтан» Француз фотографиялық қоғамының құрметті мүшесі және Ресей фотографтар Одағының мүшесі болды. Фотографтар арасында ол «БЗ» лақап атымен танымал.
Ол өзінің 90 жасқа келген мерейтойында соңғы жеке көрмесін өткізді. Онда қала тұрғындарының портреттері, Павлодар қаласының көшелері, тікұшақтарды пайдаланып зауыттар салу, жаңа ғимараттардың суреттері сияқты 60-қа жуық жұмыс ұсынды.
– Бұл фотосуреттер – менің қаладағы өмірімнің тарихы. Павлодардағыдай еш жерде өзімді жайлы сезінбедім, – деді сол кездегі мерейтой иесі. – Фотограф пен көрерменнің назарын аударатын мен түсірген әрбір кадрдың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл фотосурет кейіпкерінің еңбегі.
Борис Краснянскиймен қоштасу Павлодар Христос шіркеуінде сағат 11:30-да өтеді.