Павлодарлық балуандар республикалық турнирден жүлделі оралды
Спортшылардың бірі чемпион атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Семей қаласында КСРО спорт шебері К.Дүрмекбаевты еске алуға арналған 2008-2009 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан ХХV ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және ТМД елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, Меруерт Бегимова 63 келің салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Теміртас Файзолла +73 салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.