Екібастұздық спортшы жекпе-жектен чемпиондық белбеуін қорғап шықты
Диас Еренғайыпов тартысты додада жапондық қарсыласты басып озды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі sportarena.kz сілтеме жасай отырып
Астанада аралас жекпе-жек бойынша ММА Naiza 55 турнирі аяқталды. Турнирдің басты жекпе-жегінде екібастұздық жауынгер Диас Еренғайыпов өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы жапондық Рюя Фукудаға қарсы лига чемпионы атағын сәтті қорғап, 15 жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектің барлық бес раундында Диас қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қол жеткізді.
– Кеудемді қуаныш кернеп тұр. Бұл – мен үшін маңызды сәт. Белбеу ұту – оңай, ал қорғау – қиын. Кеше көктайғақ саларынан жолдарды жауып тастаған болатын. Бірақ сонда да Екібастұздан пойызбен, ұшақпен келіп, маған қолдау көрсетіп жатты. Мақсат орындалды, мен қуаныштымын, – деді Диас Еренғайыпов.
Ал Екібастұзда қалған жерлестері спортшыны қолдау үшін «Өнер» қалалық мәдениет сарайында жиналып, жекпе-жекті көру үшін тікелей эфирді тамашалаған.