Павлодарлық бүлдіршіндер елордаға саяхат жасады
Үш күндік сапар әлеуметтік тур аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Астана – менің Отанымның Елордасы» атты әлеуметтік туры аясында Павлодар облысының 45 оқушысы (аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар) Астана қаласына барып келді.
Аталған жобаның ұйымдастырушысы – Астана қалалық әкімдігінің «Астана даму орталығы» ЖШС.
Балалар үшін кәсіби гидтердің қатысуымен ерекше экскурсия және мәдени-көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылды.
Балалар елорданың «Астана-Бәйтерек» монументі, «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ҚР Ұлттық музейі, «Хан Шатыр» СОО сияқты басты көрікті орындарына барды.
Сонымен қатар, балалар ең қызықты сауықтыру орындарын – Океанариум, Джунгли, Қазақстандағы ең үлкен шолу дөңгелегі, батут саябағын аралады.