Ертіс ауданында әскери-патриоттық лагерь ашылды

Ертіс ауданында әскери-патриоттық лагерь ашылды
Суретті ұйымдастырушы ұсынды

Жасөспірімдер мемлекеттік шекараны қорғау тәртібімен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру аясында Ш. Уәлиханов ЖОББМ-де «Сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің ашылуы өтті.

Мақсаты – патриотизм, командалық рух және Қарулы күштер қатарында қызмет етуге қызығушылық атмосферасын таныстыру.Шараға ауданның жағалау мектептерінің оқушылары қатысты.

–  Қатысушылар құрлықта және суда мемлекеттік шекараны қорғау тәртібі, мемлекеттік шекараны бұзушыларды шартты түрде ұстау және шекара заставасына экскурсия, онда оқушылар әскери тұрмыспен және жауынгерлік мүлікпен танысты, – дейді ұйымдастырушы Мақсұт Кадырбаев.

Бұдан әрі әскери-патриоттық ойын барысында балалар Калашников автоматын бөлшектеп, жинады, пневматикалық мылтықтан атылды, кернеде тартылуда жарысты және шатырлар орнатылып, далалық ас үй ұйымдастырылды.

Барлық жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен марапатталды.