Павлодарлық дәмхана мен барлардың әлеуметтік желідегі парақшалары зерделенеді
Ішімдік туралы таралған жарнама үшін бизнес субъектілері айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Батыр Муталаповтың сөзінше, өз құзыреті шеңберінде алкоголь өнімінің жарнамасын тарату, орналастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бұзушылық анықталған жағдайда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне ӘҚБтК-нің 455-бап Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу бойынша 120 АЕК-тен 450 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
– Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған, алкоголь өніміне деген сұранысты, қызығушылықты ынталандыратын барлық фотосуреттер мен бейнероликтер де заң бұзушылық болып табылатынын атап өткен жөн, – деп түсіндірді Батыр Муталапов.
Алкоголь өнімдерін жарнамалауға ден қою үшін кәсіпкерлік бөлімінде 32-30-25 жедел желісінің телефоны жұмыс істейді.