Павлодарлық монополист электр қуаты тарифін көтеруді ұсынды
Жоба қарастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің залында «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің электр энергиясына бағалар жобасын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Монополист электр қуатының тарифін екі теңгеге көтеруді ұсынды. Егер бұрын тариф 17,8 теңге болса, енді бір киловатт үшін 19,3 теңге төлеу керек болады.
Заңды тұлғаларға да қатысты құны екі теңгеге өседі.
– Бұл жүйелік оператордың ұлттық электр желісін пайдалану бағасының өсуіне байланысты. Энергия тасымалдаушы ұйымдардың желілері арқылы электр энергиясын жеткізу қызметінің құнын арттырдық. Тағы бір себептердің бірі – кәсіпорын жұмысшылары жалақысының көтерілуі, – деді жиналыста.
Тарифті көтеру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.