Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын тексерді
Көпір құрылысының барысы мониторинг тобының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні автомобиль жолдары құрылысының барысын бақылау жөніндегі жұмыс тобы «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар тас жолындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс алаңына барды.
– Жобаның құны – 38,8 миллиард теңге, көпірдің ұзындығы – 690 метр, автожолдардың ұзындығы – 2025 метр, құрылысты іске асыру кезеңі – 2023-2027 жыл. Бүгінгі күні №1 және №6 көпір тіректеріне технологиялық алаңдарды 90%-ға төгу орындалып, байланыс желілерін 90%-ға қайта құру жүргізілді, – дейді бақылау тобы.
Айта кетейік, тілек білдірген азаматтар мониторингтік топтың құрамына кіре алады.
Жолдардың сапасына қатысты өтініштер мен ұсыныстар үшін +7(771)305-30-43 WhatsApp нөміріне жазуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, мердігерлер аманаттықтардан құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты қаржы көлемін ұлғайтуды сұрады.