Павлодарлық музыка мектебінде домбырада халық әндерін орындау бөлімі ашылды
Жаңа оқу жылында мектепте 6-17 жас аралығындағы 1000-нан астам бала сабаққа кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде оқушылар жеті бөлімде музыкалық білім алады: фортепиано, ішекті аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, жеке және ансамбльдік ән, үрмелі және соқпалы аспаптар, теориялық. Биылғы оқу жылында мектепте жаңа мамандық – домбырамен халық әнін орындау бөлімі ашылды.
– Жаңа оқу жылы – жаңа шығармашылық жеңістер, жарқын концерттер жылы басталды. Біздің музыкалық мектеп әр балаға түсіністікпен қарап, қолдау көрсететін екінші үйіндей болады деп үміттенеміз, – дейді мектеп басшысы Ольга Бобровская.
1 қыркүйекте 7-10 жас аралығындағы 250-ге жуық талантты 1-сынып оқушысы мектепте сабақты бастады. 80-нен астам жас музыкант аспаптық сыныптарда домбыра мен блокфлейтамен айналысады.
Айта кетейік, музыкалық тәрбие баланы үйлесімді, жан-жақты дамытудың, көркемдік, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың ең маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Музыка сабақтары қиялды, ойлауды, логиканы дамытуға көмектеседі. Бұл маңызды миссияны атқарып келе жатқан Қазақстандағы ең көне музыка мектептерінің бірі – Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебіне 80 жыл.
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі