Павлодарлық музыкант табынушыларының саны миллиондап есептеледі

Павлодарлық музыкант табынушыларының саны миллиондап есептеледі

Оның ең танымал әндері — «Пташка», «Адреналин» және «На Луну», деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Яндекс. Музыка» интернет-сервисінің мәліметтерінше, Dose деген лақап атпен белгілі Айдос Жұмалиновтың әндері алты миллионнан астам рет тыңдалды.

Биыл рэп-орындаушы, саунд-продюсер мен битмейкер Айдос Жұмалинов 30 жасқа келді. Dose «Солнце золотое», «Сдаюсь», «В плену», «Пташка», «Ветер», «Ликерная ванна», «Танцевала» секілді тыңдарман жүректеріне жол тапқан әндердің авторы. 

Музыкант 1993 жылы 28 маусымда дүниеге келген. Заңгер мамандығына ие бола тұра, ол өмірлік ісі ретінде музыканы тыңдаған. Атышулы павлодарлық рэпер Скриптонитпен танысқаннан соң Айдос Жұмалинов біраз уақыт жерлесінің концерттік продюсері болып қызмет атқарды.

Соңыра Айдос Жұмалинов Dose деген лақап атпен жеке дара ән жазып, оларды орындауға кірісті. Оның соңғы туындысы 23 маусымда «Адреналин» деген атпен жарық көрді.

Фото: ашық дереккөздерден