Павлодарлық онколог: Скрининг қатерлі ісіктің асқынуының алдын алады
Егер қатерлі ісікке күдік расталса, онда облыстық диспансерге жолдама беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық онкологиялық орталықтың диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Борисенко онкология дертіне күдік болған жағдайда бастапқы барлық диагностикадан өту үшін тіркелген жері бойынша емханаларға жүгіне алатынын атап өтті.
– Орталықта ауруды нақтылау диагностикасы және верификациясы, яғни анықтау жүргізіледі. Әртүрлі биопсиялар алынады. Диагноз қойылған кезде науқас диспансерлік есепке қойылады және бақылау, емдеу басталады. Қатерлі ісік диагнозы бар науқастар бір ауруды, яғни базальды жасушалық карциноманы қоспағанда онкологиялық диспансерде өмір бойы бақылауда болады, – деді Сергей Борисенко.
Ақ желеңдінің айтуынша, ауруды алғашқы сатыларында анықтайтын бірқатар скринингтік бағдарламалар бар. Яғни, қандай да бір клиникалық аурулардың белгілері болмаса да зерттеулер жүргізіледі. Онкологиялық қызметте үш үлкен скринингтік зерттеу бар. Бұл – сүт безі аурулары, колоректальды қатерлі ісік және жатыр мойны ауруы.
Онкологиялық диспансерде есепте тұрған пациенттер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бірқатар ем-шарамен тегін қамтамасыз етіледі. Науқас ауруханаға жатқызылғанға дейінгі кезеңде 100 пайыз МӘМС есебінен емделеді.
– Өкінішке орай, соңғы жылдары аурудың көбеюі және жасаруы байқалады. Павлодар облысында бұл көрсеткіш 100 мыңға 300-330 адамды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіштің мүлдем жаман екенін білдірмейді. Себебі, аталған дерттің көрсеткіші әлдеқайда жоғары елдер бар, – деді бөлім меңгерушісі.
Бүгінгі таңда онкологиялық диспансерде 13,5 мыңға жуық адам есепте тұр, оның жеті мыңға жуығы – бес жылдық межені еңсерген адамдар, яғни олар іс жүзінде бұл ауруды жеңіп, ұзақ ремиссия сатысында өмір сүруде.
Маман соңғы жылдары бұл салада өлім-жітім төмендегенін атап өтті. Себебі, онколо мамандардың жұмысы осы патологиядан болатын өлімді азайтуға бағытталған.
Облыстық онкодиспансерде екі хирургиялық бөлім бар: жалпы онкология бөлімі және торакальдық бөлімі. Жалпы онкология бөлімінде хирургтар кеуденің іш қуысында орналасқан кез келген онкологиялық ауруды хирургиялық әдіспен емдейді. Классикалық әдіс ретінде және егер ауру бастапқы кезеңде анықталса, онда лапароскопиялық әдіспен емделеді. Жалпы онкология бөлімінің дәрігерлері Қазақстанда көшбасшы мамандардың бірі болып табылады.
– Оноколоия үш жолмен емделеді – сәулелену, дәрі-дәрмектер және хирургиялық. Дәрілік терапияға тек химиотерапия ғана емес, сонымен қатар мақсатты терапия да жатады және бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді, – деді онколог-хирург Бекайдар Махметов.
Ең жаңа емдеу жолы – иммунотерапия. Бұл дәрі-дәрмектер иммунитетке әсер етеді, химиотерапияның әсерін жақсартады, препараттар онкологияның асқынған түрлеріне тағайындалады.
Сонымен қатар гормондық терапия да қолданылады. Ауру неғұрлым ерте анықталса, дәрігерлерге көмектесу оңайырақ болады, шағын инвазивті емдеу оңайырақ болады.
– Соңғы сатыдағы қатерлі ісік өмірдің соңы дегенді білдірмейді. Бізде ауруды тұрақтандыруға, ремиссияға ауыстыруға мүмкіндік бар, – дейді дәрігер. – Ал, аурудың бірінші сатысында кәсіби тексерудің нәтижесінде бірнеше миллиметрлік ісік анықталады. Бірақ науқаста ештеңе ауырмайды және мазаламайды, сондықтан ол қатерлі ісік бар екеніне сенбейді және емдеуден бас тартады. Дегенмен, мұндай науқастар біраз уақыттан кейін оралады.
Айта кетерлігі, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында сырқаттанушылық үшінші орында. Бірінші орында – ШҚО, екінші орында – СҚО.