Павлодар колледжінің оқытушылары дрондардың әлеуетін зерттеді
Олар үшін дрондарды басқару бойынша қарқынды шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мастер-класс теориялық бөлімнен басталды. Ақпараттық технологиялар колледжінің 65 оқытушысы мультироторлы, ұшақ типтес және FPV-дрондарды қоса алғанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) түрлеріне шолу жасап, олардың құрылымы, қолданылу мақсаты және ұшу контроллерлері, навигациялық жүйелер мен қозғалтқыштар сияқты негізгі құрамдас бөліктерін зерделеді.
Практикалық бөлім барысында қатысушылар DJI Mavic Air 2S дронын басқаруды меңгеріп, сапалы аэротүсірілімге қажетті тұрақты ұшып көтерілу, қону және бірқалыпты маневр жасау дағдыларын пысықтады.

Мастер-кластың шарықтау шегі DJI Avata 2 дронымен FPV-ұшуға (First Person View ) адреналинге толы ену болды. Арнайы көзілдірікті киген әрбір қатысушы жоғары жылдамдықтағы динамикалық маневрлерді орындай отырып, дрон кабинасында отырғандай ерекше әсерге бөленді.
Оқу орнында бұл тәжірибе дәстүрлі басқару мен FPV-ұшуды терең түсіну үшін аса құнды практикалық тәжірибе екеніне сенімді. Мұндай дағдылар оқытушыларға ұшқышсыз ұшу аппараттары саласын одан әрі игеруге көмектеседі.
Айта кетейік, Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде жаңа оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау басталады. Өткен жылдан бері мұнда қазіргі студенттерге арналған факультатив жүргізіліп, ниет білдірушілер үшін курстар ұйымдастырылып келеді — бүгінде жүзге жуық адам базалық білім алған. Ал қыркүйек айынан бастап 9-сынып базасында екі жылдық оқу мерзімімен дипломды операторларды даярлау басталмақ.