Павлодарлықтар асық ату чемпионатында қола жүлдегерлер атанды
Ұлттық мектеп лигасының республикалық жарыстары Семей қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс командасы спорттың екі түрінен – баскетбол және асықтан жүлделі орындарға ие болды. 5-6-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған үшкүндік жарысқа еліміздің 17 өңірінен командалар қатысты.
Бес асық ойынында Павлодар облысының командасын 5-6-сынып оқушылары арасында Павлодар қаласының № 40 мектебінің командасы таныстырды. Құрамында Анель Алтыбаева, Алуа Мысықбаева және Әдина Шоқубаева құрамында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша олар III орынға ие болып, қола жүлдегерлер атанды.
Асық бойынша оқушылар мектеп үйірмесінде 2-сыныптан бастап дене шынықтыру мұғалімі Қайрат Жетпісовтің жетекшілігімен айналысады. Қыздар барлық уақыт бойы қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. 2024 жылы бес асықтан спорт шебері кандидаты атағын алған.
Биылғы оқу жылында қыздар Атырау қаласында өткен республикалық жарыстарда тәжірибе жинақтап, алдағы уақытта да өз дағдыларын арттыруды жоспарлап отыр. Мектепте оқушылардың талаптарға сай спортпен шұғылдануы үшін баскетбол, бес асық, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі үйірмелері жұмыс істейді.