Екібастұзда ең тату әрі спортшылар отбасы анықталды
«Салауатты отбасы» отбасылық сайысына спортта өзіндік жетістігі бар, үлгілі отбасылар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы білім бөлімінің мәлімдеуінше, шара Наурыз мейрамын тойлау аясында ұйымдастырылды. Оған қалада өткен мектепшілік турнирлердің төрт жеңімпаз отбасылары қатысты.
«Жасыбай» спорттық кешенінде өткен турнирдің ұйымдастырушысы және жүргізушісі, «Қайнар» ББК-нің спорт бойынша инструкторы Жадыра Қасымованың айтуынша, ең тату және спорттық отбасылар жеңіс үшін лайықты күресті.
- Түсіповеар отбасы – «Ертіс» футбол тобының жанкүйерлері және белсенді өмір салтына қызығушылық танытқандар – үстел теннисінің шеберлері болса, Досымхановтар отбасы еркін күреспен шұғылданады. Ал Базылбаевтар отбасының әкесі мен анасы таэквондо бойынша чемпиондар. Бір сөзбен айтқанда, турнир қатысушылары тек қана спортқа қызығушылық танытатындар ғана емес, балалар денсаулығын нығайту және ерік күшін тәрбиелеудегі үлгі болып табылады, - деді ол.
Сайыстық жаттығуларды қатысушылар жеті кезең бойынша өтті. Онда «Сиқырлы таяқша», «Дабылды тыңда», «Менің көңілді добым», «Түсірмей жеткіз», «Ракетка және ауа шарымен жүгіру», «Капитандар» аталымында бақ сынады. Көңілді мәреге балалар ата-аналарымен қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды Базылбаевтар, ІІ орынды Досымхановтар, ІІІ орынды Тусуповтар отбасы өзара бөлісті. Ал турнирдің Бас жүлдесін Бекболатовтар отбасы жеңіп алды.