Павлодарлық полицейлер «Таза Қазақстан» аясында заңсыз қоқыс үйінділерін тексерді

Тексеру барысында қоқысты заңсыз шығару және төгудің екі дерегі әшкереленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Тексеру барысында қоқысты заңсыз шығару және төгу бойынша екі дерек әшкереленді. Қала көркін сақтау қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Мұндай рейдтер жүйелі түрде өткізіліп тұрады және олар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін бей-берекет қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алуға бағытталған, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
«Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз «Таза Қазақстан» игі акциясын қолдай отырып, салауатты, заңға бағынатын және ұстанымы берік ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз.