Павлодарлық сарапшы 5 қарашадағы сайлаудың үш ерекшелігін атады
Әкімдер өз жұмысының тиімділігін дәлелдеп, сайлаушылар өз дауыстары үшін жауапершілікпен қарауы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 қарашада Павлодар облысының үш ауданында – Шарбақты, Ақтоғай және Железинде сайлау өтуде.
Торайғыров университеті үздіксіз білім беру орталығының директоры Гүлнар Исенованың айтуынша, бұл – тарихи оқиға. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту жөніндегі реформаларының дәйектілігін растайды.
Сарапшы қазіргі сайлаудың үш ерекшелігін атап өтті:
1. Ауыл тұрғындары алғаш рет аудан әкімдерін өздері сайлайды. Гүлнар Исенованың сөзінше, елімізде «халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы» Конституцияның үшінші бабы жүзеге асырылады.
Кандидаттар мен сайлаушылар арасында аралық байланыс жоқ. Сондықтан мұндай форма – Қазақстандағы демократияны дамытудың үлкен қадамы.
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазақстандық моделі әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындап келеді.
Республикадағы әкімшілік-аумақтық құрылымы үш сатылы – облыс, аудан және ауыл. АҚШ-тағы және Еуропаның барлық дерлік мемлекеттерінде өзін-өзі жергілікті басқару орталықтандырылмаған. Осының арқасында ол жергілікті мәселелерді шешуде максималды дербестікке ие болады. Бұл елдердің аймақтарында жергілікті жерлерде орталық үкіметтің өкілдіктері жоқ, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері «айрықша құзыреттілік» қағидаты бойынша бекітілген. Яғни, мемлекеттік органдар шешімдерге араласпайды.
3. Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы жергілікті өзін-өзі басқарудың үш құрамдас бөлігін теңестіруге арналған: өкілеттіктер – жауапкершілік – ресурстар. Әкімшілік басшылары жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге бағытталған әрбір жобаны іске асыру үшін ауыл тұрғындары алдында анағұрлым жауапты болады.
– Бірақ сайлау – сайланған аудан әкімдерінің үлкен жұмысының бастамасы ғана. Мен болашақ әкімнің есімін сайлауалды уәделерін орындаумен ғана емес, ауылдарды дамыту перспективасымен және олардың инвестициялық тартымдылығымен, өмір сүру сапасын арттырумен байланыстыратын бірнеше ауыл тұрғындарымен кездестім, – деді Гүлнар Исенова.
Сарапшының сөзінше, осы кезеңде әкімдерден өзінің жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін, стратегиялық және жобалық ойлау дағдыларын меңгеру деңгейін, тиімді коммуникациялар, деректерді талдау және халық арасында сауалнама жүргізу негізінде ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау қабілетін дәлелдеу талап етіледі.
Сарапшы сайлаушылар өз шешімдері үшін жауапкершілікті сезінеді деп санайды. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні – болашақты бірге құру.