Павлодарлық спортшылар республикалық жарыстан жүлдемен оралды

Павлодарлық спортшылар республикалық жарыстан жүлдемен оралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында тоғызқұмалақтан республикалық ерлер және әйелдер арасындағы жекелей чемпионат өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, айтулы дода 23 қаңтар күні Павлодар қаласында ұйымдастырылды. Сайыстың өтуіне аталмыш министрліктен бөлек, спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, республикалық тоғызқұмалақ спорты федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды.

Еліміздің әр өңірінен жиналған тоғызқұмалақшылар арасынан қос жерлесіміз жеңіс тұғырынан көріне білді. Мұнда ерлер арасынан Ерасыл Әутәліпов көш бастаса, үздік үштікке Жанат Каймульдин ие болды.