Павлодарлық спортшылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Павлодарлық спортшылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды
Фото: Павлодар жоғары спорттық шеберлік мектебі

Олар ескек есуден екі медальға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоғары спорттық шеберлік мектебінің мәліметінше, академиялық ескек есу бойынша III Халықаралық Владивосток регатасы аяқталды.

Оған сегіз мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты: Ресей, Қытай, Армения, Беларусь, Қазақстан, Куба, Пәкістан, Өзбекстан.

Жарыс қорытындысы бойынша Евгений Карижский мен Владислав Финк 4 микс дисциплинасы бойынша күміс, Владислав Финк 2 микс-те қола медальді жеңіп алды.