Павлодарлық спортшылар жеңіл атлетикадан 11 медаль жеңіп алды

Жүлдегерлердің бірі Азия чемпионатына аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша облыстың жоғары спорт шеберлігі мектепбінің спортшылары 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 4 алтын, 3 күміс, 4 қола.
Бірінші орынды Ольга Сафронова және Сергей Степанковский иеленді. Екінші орын Дамил Сүтжановқа бұйырды. Ал үшінші орын иегерлері болып Захар Левицкий, Диана Трофименко, Диана Гейнц пен Кристина Ермола атанды.
- 4х200м әйелдер эстафетасында бірінші орынды Ольга Сафронова, Кристина Ербола, Карина Рахимова, Мария Шувалова жұлып алды;
- 4х400м әйелдер эстафетасында екінші орынды Арина Соколова, Карина Рахимова, Елизавета Волкова, Диана Трофименко иеленді;
- 4х400м ерлер эстафетасында екінші орын Александр Безруков, Әділ Омарбеков, Илья Созин және Максим Мироновқа бұйырды.
Әрі қарай, Ольга Сафронова 17-19 ақпан аралығында Тегеран қаласында жабық ғимаратта өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Ал Ермола Кристина 22-24 ақпан аралығында Өскеменде жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатына қатысады.