Павлодарлық студент гір көтеруден әлем чемпионатында жеңіске жетті
Спортшы 24 келі гір тасын 168 рет көтеріп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Марғұлан университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің үшінші курс студенті Адлен Сәкенов гір тасын көтеру спорты бойынша әлем чемпионатын бағындырды. Чемпионат Қырғыз Республикасының Чолпон-ата қаласында өтті. Оған 18 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған Адлен Сәкенов 68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол өз кезегінде 24 келі гір тасын 168 рет көтеріп, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл – Адленнің алғашқы чемпиондық медалі емес, ол биыл жазда Қытайдың Тайвань қаласында өткен Азия чемпионда чемпион атанған.