Моисеевка ауылында жаңа мектеп бой көтереді
Железин ауданына қарасты Моисеевка ауылында қуанышты жаңалық. Облыстағы үш апатты мектептің бірі саналған ауыл мектебінің орнына жаңа ғимарат бой көтереді. Бүгін оның құрылысы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, инвестор өз қаражатына салатын жаңа мектеп ғимаратын сатып алуды өңірдің үш жылдық бюджетін нақтылау кезінде облыстық мәслихаттың депутаттары қолдады.
Жақында аудан тұрғындарымен өткен кездесуде облыс әкімі Асайын Байханов бұл мектептің жағдайы өте нашар екенін, 2020 жылдан бастап төбенің құлау қаупі бар екенін атап өтті.
- Бірнеше жыл бойы нысан апатты жағдайда тұр. Ауыл тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша биыл жүз орындық мектептің құрылысы басталды. Бұл заманауи талаптарға сай жаңа мектеп болмақ, - деді аймақ басшысы.
Бүгін жаңа мектептің құрылыс алаңында жұмыс басталған кезде ауыл тұрғындары бұл ауылдың да дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram