Павлодарлық маман жоғары лауазымға ие болды

Павлодарлық маман жоғары лауазымға ие болды
Фото: gov.kz

Өңірлік басқару жүйесінде мол тәжірибе жинақтаған Президенттік кадр резервінің мүшесі енді республикалық деңгейдегі сауда саясатына жауапты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Дәулен Қабдушев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол Инновациялық Еуразия университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Екінші жоғары білімін Павлодар мемлекеттік университетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша алған. 2024 жылы Master of Business Administration (MBA) біліктілігі берілді.

2011–2021 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясында әртүрлі, соның ішінде басқарушы лауазымдарда жұмыс істеген. Кәсіпкерлік жүргізу тәжірибесі бар.

2021–2022 жылдары Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетіне қарасты Павлодар облысы бойынша Сауда департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.

Дәулен Қабдушев — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.