Павлодарлық теннисші республикалық турнирден бірнеше жүлдемен оралды

Павлодарлық теннисші республикалық турнирден бірнеше жүлдемен оралды
Фото: «Jenimpaz» облыстық үстел теннисінің орталығы

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Jenimpaz» облыстық үстел теннисі орталығының мәлімдеуінше, 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Алты күн ішінде қатысушылар әйелдер мен ерлердің жеке санатында, әйелдер, ерлер, аралас жұптар және командалық есепте үздіктерді анықтады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қадырәлі Қабдылуахитов ерлердің жеке санаты бойынша «күміс» медаль, аралас жұптар санатында «алтын» медаль, аралас разряд санаты бойынша «қола» медальді иеленді.