Павлодарлық спортшылар Еуропа чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық спортшылар Еуропа чемпионатында үздік атанды
Фото: Константин Шелков

Жергілікті таэквондошылардың қоржынында төрт алтын бар, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Болгария елінің Ахелой қаласында Таэквон-до GTF спортынан Еуропа чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл додаға Қазақстан, Армения, Норвегия, Кипр, Түркия, Иран, Канада, Болгария, Ирландия, Норвегия, Африка, АҚШ сынды елдерінен 700-ге жуық спортшы қатысты. 

Жарыс қорытындысы бойынша Артём Граблев, Эльнара Шогманова, Айлана Жандосқызы, Нұрислам Мұстафин алтын жүлде еншілесе, Ибрахим Хайхороев күміс жүлдеге ие болды.