Павлодарлық трамвайларда заң көмегі бойынша кеңес беріледі
Жол жүру тегін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
26 қыркүйекте ҚР Әділет органдары қызметкерлері күні мерекесіне орай Павлодар қаласының №5 айналма бағыты бойынша жүретін борттық нөмірі 163 қалалық трамвайда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді. Оны Павлодар облысының әділет департаменті ұйымдастырады.
Іс-шараға департамент қызметкерлері, сот медициналық сарапшы, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады.
– Азаматтар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша құқықтық сипаттағы білікті заң көмегін ала алады. Осы іс-шара уақытында трамвайда жол жүру тегін болады,– делінген хабарламада.
Трамвайдың деподан шығуы сағат 10:00-де Назарбаев көшесі бойынша жоспарланған.