Иса Байзақовтың 125 жылдығы: Павлодардан Ертіске тегін автобус ұйымдастырылады

Иса Байзақовтың 125 жылдығы: Павлодардан Ертіске тегін автобус ұйымдастырылады
Константин Шелковтың фотосы

Ол үшін 50 орындық төрт автобус бөлінген , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

26 шілде күні Ертіс ауданында қазақтың ұлы ақыны, әнші-композиторы Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойына арналған кең ауқымды мәдени шара өтеді. Осыған орай қатысушылар үшін Павлодар қаласынан арнайы тегін автобустар қарастырылған.

Салтанатты шараға баруға ниетті қала тұрғындары мен қонақтар С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхананың автотұрағынан (Академик Сәтбаев көшесі, 104) 26 шілде күні таңғы сағат 06:00-де тегін автобуспен жолға шыға алады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға төрт автобус бөлінетінін атап өтті, әрқайсысы – 50 орындық. Қайтар жол бағдарламаның аяқталу уақытына қарай, шамамен 18:30-19:00 аралығында жоспарланған.

Алдын ала орын брондау талап етілмейді – тек уақытынан кешікпей келу жеткілікті.