Павлодар облысында балалар арасында футбол чемпионаты жоспарлануда

Павлодар облысында балалар арасында футбол чемпионаты жоспарлануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеке клубтар мен академиялар сертификаттаудан өтуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылы туған балалар арасында өңірлік чемпионат өткізуге өтінімдерді қабылдау басталды.

Аталмыш жарысқа облыстан жекеменшік мектептер мен академиялар қатыса алады.

– Соңғы жылдары облысымызда әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер жаттығатын жекеменшік үйірмелер көбейіп келеді. Балалар футбол лигасына қатысу үшін жеке клубтар мен академиялар сертификаттаудан өтуі керек, – деп ескертеді ұйымдастырушылар.

Қатысуға өтінім қалдыру үшін +7(776)700-99-80 бойынша хабарласуға болады.