Павлодарлық велоспортшы қыз Түркияда күміс жүлде алды

Павлодарлық велоспортшы қыз Түркияда күміс жүлде алды

Велоспортшы 80 шақырымдық жарысқа қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясының мәліметінше, Түркияның Алания қаласында велоспорттан Grand Prix Alanya Cup жарысы өтті. 

Әйелдер 80 шақырымдық жарыс жолына шығып, бірнеше елден келген 17 спортшы сынға түсті. 

Бұл топта қазақстандық Ақпейіл Өсім жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. Ал, қашықтықты 1:55:53 уақытта бағындырған павлодарлық Рината Сұлтанова күміс медаль еншіледі. 

Айта кетейік, аталған турнирде жасөспірім қыздар арасында да алтын мен күміс медальді қазақстандық қыздар жеңіп алды.