Павлодарда мұздың қатуы әдеттегі мерзімнен кеш басталмақ

Павлодарда мұздың қатуы әдеттегі мерзімнен кеш басталмақ
Фото: Константин Шелков

Бұл ауа райының жылынуымен байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы Ертіс өзенінде мұз қатуы 29 қарашадан 7 желтоқсанға дейін болжануда. Ал өңір бойынша шамамен 13 желтоқсанда деп күтіледі. Өткен жылы шаһарда мұз 15 қарашада, ал облыста – 25 қарашада қалыптасқан еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденовтың айтуынша, қазіргі уақытта Ертіс өзенінде мұз жоқ, су беті толық ашық. 

Биылғы жылы ТЖД қызметкерлері су айдындарында бірнеше қауіпті жағдайдың алдын алды. 22 қараша күні Усолка өзенінде ересектерсіз жүрген үш кәмелетке толмаған бала анықталды. 

– 10-12 жас аралығындағы бүлдіршіндер үлкендердің қарауынсыз мұз бетіне шыққан еді. Балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үш ата-анаға 13 762 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Қайрат Шаймарденов. 

Мамандардың сөзінше, жағдай қайталанған жағдайда айыппұл көлемі өзгермейді.

Өткен жылдары да мұндай оқиғалар тіркелген еді. Шаңғышы құтқару постының маныңда әлі де қатты қатпаған мұздың үстінен өтіп бара жатып, құлап кетті. ТЖ қызметкерлері уақытылы көмек көрсетіп, қала тұрғынын аман алып қалды.