Көктемгі шектеулер: Павлодар көлдері балықтардың көбеюі үшін дем алады

Көктемгі шектеулер: Павлодар көлдері балықтардың көбеюі үшін дем алады
Фото: pixabay.com / stevepb

Өңірдің бірқатар көлдерінде балықтардың уылдырық шашуына байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, 15 сәуірден бастап 30 мамырға дейінгі аралықта Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр және Біржанкөл көлдерінде балықтардың уылдырық шашу кезеңі басталады. Осыған байланысты, аталған көлдерде балық аулауға уақытша тыйым салынады.

Бұл кезеңде балық қорын сақтау мақсатында арнайы топ құрылып, рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады.

Егер аталған шектеу шараларын бұзу анықталған жағдайда, азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады және айыппұлдар қарастырылған.