Павлодарлық жастар Түркияға гуманитарлық көмек жинауды бастады
Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге аса қажетті заттарды жинайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы жастар бастамаларын дамыту орталығы мәлімдеді.
- Заттарды таңғы 9:00-ден 20:00-ге дейін Ломов көшесі, 38 үйдің 008 кабинетінде қабылдаймыз. Гуманитарлық көмекке жиналатын заттарды Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынды, - делінген хабарламада.
Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұсынған заттар тізімі:
- Қысқы киім (ересектер мен балалар үшін маңызды - заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбыр жамылғысы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, бас киім, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балалар үшін, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.