Екібастұздықтарды жария тыңдауға шақырады

Екібастұздықтарды жария тыңдауға шақырады
Фото: Константин Шелков

Аталмыш іс-шара 16 қазан күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды «Екібастұз жылу желілері» ЖШС жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.

Жария тыңдау 2024 жылғы 16 қазанда сағат 14.00-де  Екібастұз қаласы, М. Әуезов көшесі, 153 мекенжайы бойынша орналасқан «Өнер» мәдениет үйінде өтеді. Сондай-ақ, тікелей эфир Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.

Департамент жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін,  тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Айта кетейік, толығырақ ақпаратты алу үшін 615955 анықтама телефоны бойынша хабарласуға болады.