Павлодарлық жеңіл атлетші Франциядағы Олимпиадада жетінші болып келді
Ол 200 метрге жүгірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Париждегі жеңіл атлетикадан Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру бойынша іріктеу кезеңіне қатысты.
Сафронова өз жарысын жетінші болып аяқтады. Ол бұл қашықтықты 23,58 секундта жүгіріп өтті.
Әр жарыста бірінші орын алған үш спортшы жартылай финалға жолдама алды. Дегенмен Сафронованың тағы бір мүмкіндігі болады. Ол қайталау раундында сынға түседі.