Павлодарда асық ату және бес асықтан облыстық жарыстар өтті

Павлодарда асық ату және бес асықтан облыстық жарыстар өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаз командалар республикалық жарыстарға жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық оқыту-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, аталмыш жарыстар 19-20 наурыз күндері №36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру бейімдік мектебінің спорт залында «Ұлттық мектеп лигасы» VI облыстық спартакиадасы аясында ұйымдастырылды.

Ұлттық ойындар бойынша өткен жарыстарға 5-6 және 7-8 сынып оқушылары қатысты. Асық атудан 14 команда, бес асықтан 14 команда — барлығы 217 оқушы бақ сынады.

Жеңімпаз атанған командалар Ұлттық мектеп лигасының республикалық жарыстарында Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының АОТДТО-ның дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.