13 қазанда Павлодар облысында көктайғақ болады

13 қазанда Павлодар облысында көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз сынап бағанасы -3…+2 °C-ты көрсетеді.

Жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Павлодарда ауа температурасы күндіз 0…-2 °C-қа дейін түседі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ болады.