Павлодарлық жүргізушілерге трассада абай болуды ескертті
Ауа райы салдарынан жолда қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» ресми арнасының мәліметінше, дүйсенбіде Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай, Жетісу және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Сол себепті компания жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.