Павлодар облысында 18 қыркүйекте күн жылы болады

Павлодар облысында 18 қыркүйекте күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, өңірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Облыста түнде ауа температурасы +10…+15°C, күндіз +20…+25°C аралығында болады. 

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз +23…+25°C болады. Қалада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.