Май ауданында мал ұрылары жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, ұсталды
Олар басқа адамның ақшасын иемденгісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өңірдің екі тұрғынын анықтап, ұстады.
– Белгілі болғандай, қылмыстық топ 2025 жылдың тамыз айында үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жеке тұрғын үйдің ауласына заңсыз кіріп, қорадан төрт бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісіне «ешқайда шықпау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсеиітов.
Ведомство өкілдері күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын атап өтті.