Павлодарлық әнші телешоуда Солтүстіктің намысын қорғайды

Павлодарлық әнші телешоуда Солтүстіктің намысын қорғайды

Бағдарлама бүгін «Еуразия» телеарнасында жарық көреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Белгілі павлодарлық әнші Ринат Малцагов «Дастархан» телешоуына шақырту алып, түсірілімге қатысты. Бағдарлама барысында еліміздің солтүстік өңірінің өкілдері Нұрлан Әлімжанов, Дарико Хасанғалиева және басқалар теріскейдегі салт-дәстүр, той рәсімін өткізу және өзге де фольклорлық ерекшеліктермен бөліседі. 

Ринат Малцагов 1988 жылы Павлодарда дүниеге келген‎‎. SuperStar.KZ жобасында жалпақ жұртқа әйгілі болған ол музыка саласындағы жолын «Оқушылар сарайында» бастаған. Кейіннен «Перцы» тобында солист болған.

Бағдарлама бүгін «Еуразия» телеарнасында 17:15-те басталады.

Фото: ашық дереккөздерден