Павлодарлық әскери бөлімдер тексерістен өтуде

Павлодарлық әскери бөлімдер тексерістен өтуде
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия алғашқы тексеру жұмыстарын 5512 әскери бөлімінен бастады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсуде.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы  инспекторлық тексерістен өтуде. Басты мақсат – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік  жай-күйін, әскери қызметшілердің  кәсіби қабілеттерін  анықтау, – деді баспасөз қызметінде.

Тексеріс барысында  әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.