Кәсіпқой ата-ана: Павлодарда жаңа заң жобасы талқыланды
Қоғамда жаңа ұғым пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының тобы жұмыс сапарымен жүр. Олар павлодарлықтардың мұң-мұқтаждарымен танысып, өздерінің заң шығару бойынша жұмыстарымен таныстыруда. Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардан елдің заңдарын дамыту бойынша ұсыныс-тілектерін жинап жүр.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Вера Кимнің бастамасымен облыстық кітапханада білім беру және балалар құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Ағарту министрлігі «кәсіпқой бала асыраушы отбасы» ұғымын енгізуді ұсынуда.
- Бұл бала асыраудың жаңа формасы, - дейді Вера Ким. – Бала асыраушы отбасында белгілі бір уақыт бойы тәрбиеленеді. Ол онда бірнеше аптадан бірнеше айға дейін болады да туған-туысқандар отбасына немесе патронаттық отбасыларға тапсыруға дейін жан-жақты әзірленеді.
Жетім баланы асырау үшін ата-ананың әрбіреуі 70 АЕК және әрбір бала үшін 10 АЕК көлемінде сыйақы алады. Мұндай кәсіпқой ата-аналар төрт балаға дейін асырай алады, алайда олар өздігінен баланы таңдау мүмкіндігінен айырылады.
- Ата-аналар кәсіпқой тәрбиешілер секілді жұмыс істейді, сол себепті еңбек бағалануы тиіс. Оның үстіне бала асырау – оңай шаруа емес. Балалар үйін асырау мемлекеттен бұдан әлдеқайда көп қаражатты талап етеді. Бала үшін балалар үйі немесе интернаттан гөрі отбасында тәрбиеленген жақсы. Мәжіліс депутаттарының басым бөлігі бұл бастаманы қолдайды, - дейді Вера Ким.
Ресми деректерге сүйенсек, облыста 1 535 жетім немесе ата-ананың қарауынсыз қалған балалар бар. Олардың 1 087-сі отбасыларда, 448-і мемлекеттік мекемелерде тәрбие алуда.