Павлодарда бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Павлодарда бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баланың миы шайқалып, ішкі ағзалары жарақат алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы туған бала үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алды. Мекеме ұсынған ақпаратқа сәйкес, алдын ала диагноз: мидың шайқалуы және ішкі ағзалардың жарақаты.

– Оқиға 25 шілде күні шамамен сағат 15:50-де болған. Баланың анасының айтуынша, ол үйде болған, бірақ оқиға кезінде басқа бөлмеде жүрген. Бала 16:25-те жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта бала есін біледі, – деді аурухананың баспасөз қызметі.

Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде. Оқиға туралы ақпарат 102 пультіне берілген.