Павлодарлық өрт сөндірушілер есікті бұзып ашуды үйренді

Практикалық сабақтарға құтқарушылар да қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері есік құрылымдарын ашу дағдыларын пысықтау мақсатында арнайы макет дайындады.
– Бұл макет өрт сөндірушілерге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үй-жайға жедел кіру үшін қажетті механикаландырылған және механикаландырылмаған құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта өрт сөндіру кезекші қызметінің мамандары құтқарушылардың көмегімен 1-МӨСБ және 11-ӨСБ жеке құрамына арналған практикалық сабақтар ұйымдастырды. Жаттығу барысында бензин кескіш және «Hooligan» әмбебап сүйменін қолдану әдістері пысықталды, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай сабақтар өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби деңгейін айтарлықтай арттырады, бұл оларға төтенше жағдайларда жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.