Павлодарда заңгерлер тегін кеңес береді
Кеңесшілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, заң консультанттары палатасы, адвокаттар алқасының өкілдері және облыстық нотариустар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен «Batyr Mall» ойын-сауық орталығында еріктілер кез келген құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін заңгерлік кеңес береді.
Іс-шара 14 ақпанда сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты 8(771) 356-66-77 телефоны бойынша білуге болады.